Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Қамаудағы Қайрат Сатыбалды туралы тың деректер айтылды

exclusive.kz

Қамаудағы Қайрат Сатыбалды туралы тың деректер айтылды

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды Алматы қаласының орталығындағы Double Tree by Hilton Almaty қонақ үйін сатып алған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz. – Қайтіп күн көреміз деп көз жасына ерік берген Алматыдағы Hilton қонақ үйінің 160 қызметкерінің арыз-шағымын тыңдап қайттым. Қонақ үйді өз күшімен он жылға жуық уақыт салған заңды иесі Шолпан Каранеева ғимаратты Қайрат Сатыбалдының рейдерлік жолмен тартып алғанын 2020 жылы-ақ ашық айтқан. «АБЛИ Құрылыс» компаниясының құрылтайшысы Шолпан Каранеева осыдан төрт жыл бұрын (2019 ж) франчайзинг келісімімен Hilton қонақ үйін салған. Құрылысты аяқтау үшін «Capital Bank Kazakhstan» АҚ-на қонақ үйді кепілге қойып 4 млрд 200 млн теңге сомасында қарыз алған. Короновирус пандемиясы басталған 2020 жылы Hilton қонақ үйі қызметін уақытша тоқтатқан. Сол кезде президент кәсіпкерлерді тұралап қалмау үшін банктерге төлемдерді уақытша тоқтатуға бұйрық берген. Ал «Capital Bank Kazakhstan» АҚ президент бұйрығын пысқырмаған. Банк тарапы өтінішке жауап бермей,қонақ үйді «Заңгер» коллекторлық агенттігіне береді. Ал «Заңгер» қонақ үйдің нарықтағы құны 9,5 млрд теңгеден асса да, оны бар болғаны 5,1 млрд теңгеге бағалап, «Байдала» ЖШС-не сатып жіберген, – деп жазды Мақсат Толықбай. Сондай-ақ депутат Қайрат Сатыбалды ұсталып, дүние-мүлкі тәркіленген кезде біздің құзырлы органдар DoubleTree by Hilton қонақ үйін де Қайраттың тәркіленген мүліктерінің қатарына қосып қойғанын еске салды. – «АБЛИ Құрылыс» компаниясы «Біз «Байдала» ЖШС-мен соттасып жатырмыз, бұл қалай Қайрат Сатыбалдыға өтіп кетеді, іс әлі қаралып жатыр ғой?!» деп арыз түсіргеннен кейін Қайрат пен «Байдала» арасында тез арада келісім-шарт (договор купли-продажи) жасалады. Түрмеде. Ол жерге нотариусты қалай кіргізіп жүр, түрмеде отырған Қайраттың қалтасында 6 млрд теңге қайдан жүр?! Бұл жерде де заңсыздық көп. Осы орайда біз шын мәнінде Әділетті Қазақстан құрғымыз келсе, осындай заңды бизнесін әлдекімдер көпе-көрнеу тартып алған тұлғалардың да зары мен мұңына құлақ түріп, көңіл бөлуіміз керек шығар. Жәбірленуші тараптың сұрайтыны бір-ақ нәрсе: құзырлы органдар істі әділ қараса екен.Шағымданушылардың арызын Антикор мен Бас прокурорға жолдадым, – деп жазды депутат. Фото: ашық дереккөз
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
28 апреля 2024