Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Выступление Президента на совещании по вопросам социально-экономического развития (полный текст)

almaty.tv

Выступление Президента на совещании по вопросам социально-экономического развития (полный текст)

19 апреля 2023 года в Астане под председательством Главы государства Касым-Жомарта Токаева прошло совещание по вопросам социально-экономического развития страны,- передает Almaty.tv со ссылкой на Акорду. Предлагаем полный текст выступления Президента.

Құрметті жиынға қатысушылар!

Жуырда Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Үкімет қайта жасақталды. Осылайша, ауқымды саяси өзгерістің алғашқы кезеңі аяқталды деуге болады. Біз билік тармақтарының тепе-теңдігін орнықтырдық. Енді еліміздегі қоғамдық-экономикалық қатынастарды қайта құруымыз керек. Жұртшылық бұл реформаларға зор үміт артып отыр. Сондықтан біз нақты іс-шараларға баса мән беруге тиіспіз. Мен Парламент сессиясының ашылуында заңнамалық тұрғыдан шешілуге тиіс бірқатар мәселені атап өттім.

Ал бүгін әлеуметтік-экономикалық саладағы мақсат-міндеттерді айқындап алуымыз керек. Үкімет және барлық деңгейдегі әкімдер соған сүйеніп жұмыс істейтін болады. Осы басқосуға мәслихаттардың өкілдері қатысып отыр. Бұл да – нақты саяси өзгерістердің нышаны. Атқарушы және өкілді билік арасында тиімді қарым-қатынас орнату өте маңызды. Қажет болса, олар бірін-бірі толықтырып, қолдап отыруы керек. Мұның бәрі мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ел мүддесін ескере отырып шешім қабылдауға жол ашады.

Құрметті кеңеске қатысушылар!

Реформалардың нәтижесінде елімізде көп нәрсе өзгерді. Мысалы, алғаш рет Премьер-Министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия ұсынды. Мұны саяси жаңғырудың тағы бір маңызды қадамы деуге болады.

«Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» концепциясы нақты жұмыс істей бастады. Саяси реформалар дамудың жаңа кезеңіне жол ашып берді. Сонымен бірге экономиканы түбегейлі жаңғыртудың берік негізін қалады.

Әркім мына мәселені айқын түсінуі керек. Қазақстан – осы геосаяси аймақта ауқымды, демократияны арқау еткен реформалар жолына түскен бірден-бір мемлекет. Сондықтан бізге оңай болмайды. Бірақ бұл жолды қалайда жүріп өтуге тиіспіз. Енді жұмысқа жұмыла кірісеміз.

Осында отырған әрбір мемлекеттік қызметші өзіне орасан зор міндет жүктеліп отырғанын сезінуге тиіс. Бұл – ең алдымен, барша Қазақстан халқының алдындағы жауапкершілік. Сіздердің шешімдеріңіз бен іс-әрекеттеріңіз елдің бүгіні мен болашағына тікелей әсер етеді. Сондықтан күнделікті мәселелерді шұғыл шешумен ғана шектелмеу керек. Сіздер мемлекетшіл-реформатор болуларыңыз қажет.

Реформаларымыздың түпкі мақсаты – халықтың өмірін жақсарту. Ол үшін тұрғындардың табысын көбейту керек. Жайлы өмір сүруіне жағдай жасап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Азаматтардың өзін-өзі дамытуына барлық мүмкіндік жасалуға тиіс. Мұның бәрін мықты нарықтық экономика болса ғана, табысты жүзеге асыра аламыз.

Нам необходимо перейти к реальной рыночной экономике, нацеленной на обеспечение нужд граждан. Поэтому впереди сложный период.

Мы живем в очень трудное время. Разрыв традиционных экономических и логистических связей сопровождается рекордной инфляцией, замедлением мировой экономики, нарастанием долгового бремени государств.Множатся торговые барьеры, и растет взаимное недоверие между государствами. Все это – новая нормальность, а скорее – ненормальность, мировой экономики. Природная рента больше не является устойчивым источником благосостояния страны.

Қазақстан мұнай және газ өндіруші ел ретінде жаңа геоэкономикалық жағдайға бейімделуі керек. Экономиканы әртараптандыру – уақыт талабы әрі стратегиялық міндет. Біз бұл туралы үнемі айтып жүрміз. Бірақ ісімізден сөзіміз көп болып тұр. Дереу іске көшпесек, әлемдік бәсекеде озық бола алмаймыз, яғни әлем экономикасында көш соңында қалуымызға тура келеді. Жаңа ғана еліміздің даму барысы туралы Үкіметтің есебін тыңдадық.

В прошлом году наша экономика выросла всего на 3,2%, хотя это неплохой показатель, а за 3 месяца текущего года – на 4,9%. Цифры неплохие, но удовлетворения и оптимизма внушать они не должны. Нужно искать дополнительные источники роста. Правительство должно быть по-хорошему более амбициозным в том, что касается обеспечения экономического роста. Это веление времени, веление текущей ситуации.

Инерционные темпы роста экономики за последние 10 лет привели к тому, что наша страна застряла в «ловушке среднего дохода». Если сейчас не создать прочный фундамент для качественного экономического роста, то стагнация доходов населения не за горами.

По расчетам экспертов, для перехода Казахстана в категорию стран с высоким уровнем дохода необходимо обеспечить ежегодный рост на уровне 6%, то есть в полтора раза выше текущих темпов.

Сондықтан нарыққа қатысушылардың бәрі батыл әрі шұғыл шаралар қабылдауға тиіс. Мемлекеттің қолдауына ие болып отырған ірі бизнес өкілдері айрықша рөл атқарады. «Табысты осы жерден тауып, шетелде шашу» әдетінен арылу керек. Есесіне елдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге көбірек үлес қосуға ұмтылған жөн. Ірі кәсіпкерлер Қазақстанда тапқан табысын басқа жақта емес, өз еліміздегі бизнесін дамытуға жұмсағаны абзал. Жұмысын осы талапқа бейімдей алған ірі кәсіпкерлер нағыз ұлттық бизнес-элитаға айналады. Халықтың құрметіне бөленіп, мемлекеттің қорғауы мен қолдауына ие болады. Сонымен қатар бізге «кәсіпкерлердің жаңа толқыны» керек. Мемлекеттің ресурсына арқа сүйемей, бойындағы дарыны мен іскерлігі арқылы тұрақты әрі мықты кәсіп құра білген «тың күштер» қажет.

Всем известно такое понятие, как «социальный лифт». Это система, при которой любой инициативный и трудолюбивый человек может уверенно продвигаться по карьерной лестнице и в общественной иерархии.

Аналогично, нам нужно построить эффективно действующий «экономический лифт» для предпринимателей.

Поэтому в дополнение к общесистемным мерам важно продвигать наиболее успешных и честных предпринимателей регионального масштаба. Они должны стать локомотивами развития новой, я бы сказал, справедливой экономики.

Негізі, әр аймақта сондай кәсіпкерлер бар. Міне, осы азаматтар нағыз қолдауға лайық. Олардың ісін елге танытып, кәсібін мемлекеттік деңгейге шығарған абзал. Сонымен қатар оларды бюрократтар мен күштік құрылымдардың заңсыз әрекеттерінен қорғау қажет. Мен өзім де осындай кәсіпкерлерді ара-тұра қабылдап, қолдау көрсетіп жүрмін. Ірі және орта бизнес саласында жүйелі жұмыс жүргізу керек. Осы екі бағыт экономикалық саясаттың аса маңызды жаңа бағдарына айналуға тиіс. Енді алдағы жұмыстың нақты бағыттарына тоқталайын.

ПЕРВОЕ. Мы наблюдаем небывалый за последние 15 лет рост цен на продовольственные товары. В феврале текущего года инфляция составила 21,3%, достигнув своего пика.

Жұрттың ай сайын жұмсайтын қаржысының тең жартысынан көбі азық-түлік алуға кетеді. Үкіметтің әрекеті жеткіліксіз болып отыр. Тыйым салу және шектеу шаралары уақытша ғана әсер етеді. Мұндай қадамдар қиындықтың бетін қайтарса да, одан біржола құтылуға мүмкіндік бермейді, тіпті, мәселені ушықтырады деуге болады.

Ауыл шаруашылығы және өндіріс саласының дамуында нақты нәтиже жоқ. Азық-түлік инфляциясының басты себебі де – осында. Елімізде өндірілетін тауардың көлемі ішкі сұранысты қамтамасыз етуге жетпейді. Импортқа тәуелдіміз.

К вопросу насыщения рынка отечественной продукцией, удешевлению факторов производства необходимо подходить более комплексно, вдумчиво, без лозунгов и обещаний. Нужно пройтись по всей цепочке от производства до реализации и понять, что приводит к удорожанию.

Действующая модель управления агропромышленным комплексом не раскрывает потенциал отрасли. Перед Правительством стоит задача обеспечения устойчивого роста агропромышленного комплекса.

Помимо увеличения объема выпускаемой отечественной продукции для борьбы с резкими скачками цен важно правильно использовать стабилизационные фонды. Сегодня они действуют разрозненно и, можно сказать, непрозрачно. Регулярно выявляются коррупционные схемы.

Поэтому предстоит, в том числе, более активно использовать потенциал Продкорпорации для закупа и интервенций по основным товарным позициям, усилить координацию работы Продкорпорации со стабфондами СПК. Единообразие подходов, ориентация госкомпании на снижение колебаний цен позволят получить рыночный антиинфляционный инструмент.

Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бөлінетін бюджет қаражаты тиімді жұмсалуға тиіс. Мұны мұқият қадағалау қажет. 2019-2021 жылдары өнім өңдеуге берілген субсидияны алайық. Бұл қаражаттың тең жартысы субсидия алам деушілердің 10 пайызының ғана қолына тиген. Субсидия алған кейбір пысықайлар өндірісті өркендетудің орнына бюджет қаржысын қалтасына басып, шалқып өмір сүрген. Ал қарапайым шаруалар үшін субсидия алу – қияметтің қиыны. Оның үстіне, субсидия беру жүйесі өте күрделі және қажетті мәлімет көпшілікке қолжетімді емес. Субсидия бөлуді реттейтін жаңа цифрлық жүйе бұл түйткілді шеше алмай тұр. Әрине, біршама жұмыс атқарылды. Мұны жоққа шығаруға болмайды. Бірақ бұл бағыттағы жұмысты аяғына дейін жеткізу керек.

Далее. Необходимо ускорить работу по созданию современной инфраструктуры хранения и сбыта сельхозпродукции. Во многом именно её отсутствие приводит к избыточным посредническим структурам и накрутке цен. При ежегодном сборе более 8 миллиона тонн овощей и картофеля общая вместимость овощехранилищ составляет всего 1,7 миллиона тонн.

Да и то, это, похоже, завышенная цифра. При этом 60% овощехранилищ не оборудованы холодильными установками, срок эксплуатации 30% складских помещений превышает 20 лет. В результате потери при хранении достигают астрономических 35, а иногда 40% от объемов заготовленной продукции. Правительство должно системно заняться решением этой проблемы.

Необходимо помочь бизнесу в создании инфраструктуры овощехранилищ, оптово-распределительных центров и сельских сервисно-сбытовых кооперативов.

Бұл – мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігі үшін зор мүмкіндік. Жақында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғаринге бұл мәселе бойынша тиісті тапсырмамды бердім. Агроөнеркәсіп кешеніне қатысты мәселенің бәрі басқа салаларға да қатысты екенін ұмытпаған жөн. Тағы да қайталап айтамын. Жоғары өнім алуды қамтамасыз ету керек. Ашық бәсекелестік болуға тиіс. Бір сөзбен айтқанда, осы саладағы басты түйткілдерді дереу шешу керек. Сонда ғана бағаның

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
27 апреля 2024