Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Қазақстандық "Шағала" ұшқышсыз ұшу аппаратының кезекті сынағы сәтті өтті

ratel.kz

Қазақстандық Шағала ұшқышсыз ұшу аппаратының кезекті сынағы сәтті өтті

Нұр-Сұлтан қаласының маңында отандық өнім "Шағала" барлау ұшқышсыз ұшу авиациялық кешенінің далалық сынақтары өтті, Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі деп хабарлады. Аталған құрылғыны Қорғаныс министрлігінің тапсырысымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери ғалымдары әзірледі. Қазіргі уақытта бұл аппарат сынақтардың соңғы сатысынан өткізілуде. Ол түрлі ауа райы мен әркелкі жер жағдайларында бірнеше рет сыналып, жақсы нәтиже көрсетті. – "Шағала" ұшу аппаратынан, жер үсті сегментінен тұрады және соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған жүйе. Бұл қазақстандық әскери ғалымдар толық шығарған алғашқы жоғары технологиялық өнім.
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
24 апреля 2024