Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Елордада қоғамдық орында мас болып жүрген 3,5 мың адам жауапқа тартылды

matritca.kz

Елордада қоғамдық орында мас болып жүрген 3,5 мың адам жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан қаласы аумағында 7 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Іс-шара қызмет көрсетілетін әкімшілік аумақтағы тәртіп бұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Сол кезеңде учаскелік инспекторлар көпқабатты үйдің 280 мың пәтерін, 85 мыңнан аса жекеменшік және саяжай үйлерін тексерді. Қаруды тіркеу уақыты мен сақтау ережелерін бұзған 200-ден аса тұрғын анықталды. 260-қа жуық қару мен иір ойықты мылтыққа арналған 104 оқ тәркіленді. Нұр-Сұлтан қаласы ПД-нің уақытша жайғастыру орнына тұрғылықты мекенжайы жоқ 140 адам орналастырылды.
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
29 марта 2024