Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Қазақстанның оңтүстігінде жылу беру маусымы 15 қазанда басталады

matritca.kz

Қазақстанның оңтүстігінде жылу беру маусымы 15 қазанда басталады

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жылу 15 қазаннан бастап беріледі. Бұл туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."Осы жылдың 1 қазанынан бастап Ақтөбе мен Атырау облысында жылу беру маусымын бастау жоспарланып отыр. Ал еліміздің оңтүстік өңірлерінде 15 қазаннан басталады", – деді министр үкімет отырысында.Ноғаев қазір жылу беру маусымы Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарында басталғанын атап өтті.Энергетика министрлігі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес әкімдіктерге коронавирусқа байланысты жылу беру маусымын ертерек бастау туралы ұсыныс енгізген.
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
25 апреля 2024