Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

В рамках недели "Жасыл аймақ" посадили 22 тысячи деревьев в регионе

gurk.kz

В рамках недели Жасыл аймақ посадили 22 тысячи деревьев в регионе

Жетісу облысының тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығының аясында 22 мың түп ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, экологиялық акцияға 80 мыңнан астам белсенді азамат атсалысқан. «Қазіргі таңда 22 мың түп ағаш отырғызылып, 3 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Оған 619 арнайы техника жұмылдырылды. Бүгінгі бір күннің өзінде экологиялық акция аясында 1000 түп жасыл желек отырылғызылды», - делінген басқарма хабарламасында.

Жалпы жыл соңына дейін облыс аумағында 115 мың түп ағаш егу жоспарланып отыр. Соның 5 мыңы Талдықорған қаласында отырғызылса, 42 мыңнан астамы көктем айларында, 32 мыңға жуығы күзде егіледі. Қалған 35 мыңнан астамы экологиялық акция аясында демеушілік қаражат есебінен отырғызылуда.

Еске салсақ, акцияның 5-ші аптасы «Мөлдір бұлақ» деп аталады. Бұл аптадағы жұмыс өңірдегі бұлақтардың көзін ашуға, өзен арналарын тазартуға бағытталады.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Источник: Акимат области Жетісу

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
6 мая 2024