Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Жетісулық құтқарушылар Абай мен Батыс Қазақстан облыстарында кәсіби көмек шараларын жалғастыруда

gurk.kz

Жетісулық құтқарушылар Абай мен Батыс Қазақстан облыстарында кәсіби көмек шараларын жалғастыруда

Жетісулық 14 құтқарушы Абай облысында, 4 құтқарушы Орал қаласының маңында су тасқынына байланысты құтқарушылық көмек шараларына белсене қатысуда, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушылар Абай облысына 29 наурызда, ал Батыс Қазақстан облысына 14 сәуірде аттанған. Олар Абай облысында су тасқынының салдарын жою, іздестіру жұмыстарына, ал Орал қаласының маңындағы саяжай алаптарының аумағында адамдар мен жануарларды құтқару, эвакуациялау жұмыстарын атқаруда. Құтқарушылар 3 бірлік арнайы техника, 3 бірлік мотопомпа, 6 бірлік жүзу құралдарымен жасақталған.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фотосуреттерді Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаменті ұсынды.

Источник: Акимат области Жетісу

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
3 мая 2024