Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

В рамках программы «Бюджет с участием населения» установлена новая детская игровая площадка

gurk.kz

В рамках программы «Бюджет с участием населения» установлена новая детская игровая площадка

Жетісу облысында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аулаларды абаттандыруға үлкен септігін тигізуде. Мәселен, жуырда осы бағдарлама аясында Талдықорған қаласының шеткі аймағы – 3-ші бөлімшеде балалар ойын алаңы іске қосылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгінде Еркін ауылдық округіне қарайтын 3-ші бөлімшеде 150 түтін бар. Мұндағы тұрғындар бүлдіршіндер үшін заманауи талапқа сай жабдықталған ойын алаңы қажет екенін бірнеше мәрте көтерген. Сондықтан бұл бастама «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы арқылы іске асырылды. Оған 14 млн. теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстарын «Mir&Er» ЖШС атқарған.

- Жаңа алаңда балалардың қауіпсіздігі үшін барлық жағдай жасалған, қоршауы бар, жерге резеңке жабындысы төселген, ойын құралдары да сапалы. Енді балаларымыз осы алаңда алаңсыз ойнайтын болды, - деді қуанышын жасырмай 3-ші бөлімше тұрғыны Светлана Ажикенова.

Талдықорған қаласы әкімдігінің мәліметінше, уақыт өткен сайын аталған бағдарламаға қатысқысы келетін тұрғындардың саны артып, олар ең маңызды деген жобаларды белсенді ұсына бастаған. Бұл өз кезегінде абаттандыру жұмыстарының қарқынды жүруіне септігін тигізуде.

- «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша өткен жылы 12 жоба белгіленсе, соның 5 іске қосылып, Ынтымақ, Еркін ауылдары, «Жастар-1», Көктал тұрғын ауданында ортақ қолданыстағы аулалар абаттандырылды, ал қалған 7 жобаны биылғы жылы аяқтаймыз. Атап айтқанда, «Алмалы», «Ащыбұлақ», «Үйтас» саяжайларында, 3-бөлімше және Батыс тұрғын ауданында спорт және балалар алаңдарын орнатып, Көкталда тротуар ағымдағы жөндеуден өтпек. Соның бірі 3-ші бөлімшедегі балалар ойын алаңы қолданысқа берілді. 2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына 500 млн.теңге қарастырылып отыр. Бүгінгі күнге 68 жоба түскен, соның 22-сі дауыс беру сатысында. Алдағы 30 сәуірде 22 жобаның шешімі шыққаннан соң қалалық ТҮКШ бөлімі конкурсқа беру жұмыстарын бастайды, - деді Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Рүстем Бершінбеков.

Еске салсақ, Халық қатысатын бюджет – азаматтардың жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатысуы. Тұрғындардың өздері абаттандыру идеяларын ұсынады, оларды жоба деңгейіне дейін пысықтайды, содан кейін онлайн дауыс беру арқылы жеңімпаздарды таңдайды. Жоба тұрғындарды кез келген жергілікті проблеманың айналасында біріктіреді, көршілерді талқылауға тартады, ауланы, саябақты немесе алаңды қалай жақсы жабдықтау керектігін түсінуге мүмкіндік береді.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фотосуреттерді Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі ұсынды.

Источник: Акимат области Жетісу

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
4 мая 2024