Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Атырау облысында үйден 4 адамның мәйіті табылды

matritca.kz

Атырау облысында үйден 4 адамның мәйіті табылды

Аудандық өрт сөндіру қызметіне 5 наурыз, жұма күні хабар түсті. Оқиға орнына жеткен қызметкерлер төрт адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды "Ақ жайық".Трагедия Атырау облысы Махамбет ауданы Ақтоғай ауылында болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті 1974, 1991 жылы туған ер адамдар мен 1977 жылғы әйел және 2016 жылы туған қыздың денесі табылғанын хабарлады.Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар бөлімінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Алдын ала болжам бойынша иіс тиіп уланған.Болған жағдайдың мән-жайы қосымша хабарланатын болады.Еске сала кетсек, 19 ақпанда Жамбыл облысындағы Жаңатаста 3-қабаттағы пәтерде өрт шығып бес бала көз жұмған болатын.
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
23 апреля 2024