Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

ШЫМКЕНТТЕ СОҢҒЫ 5 ЖЫЛДА БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН КӘСІПКЕРЛЕР ЕКІ ЕСЕ КӨБЕЙДІ

gurk.kz

ШЫМКЕНТТЕ СОҢҒЫ 5 ЖЫЛДА БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН КӘСІПКЕРЛЕР ЕКІ ЕСЕ КӨБЕЙДІ

–Өндіріс алаңдарын арттыру мақсатында жаңадан көлемі 867 гектар құрайтын 5 өндіріс аймағын құру қолға алынды. Алдағы уақытта 372 млрд теңгені құрайтын 289 жобаны іске асырып, 12 мыңға жуық жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күні «Жұлдыз», «Бозарық» индустриялық аймақтарына инженерлік жүйелер тартылып, келер жылы қолданысқа берілетін болады. Одан бөлек, сауда-логистикалық орталықты кеңейту арқылы «Өңірлік хаб» құру жұмыстары басталды. Қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.Аталған индустриялық аймақтарды іске қосу арқылы, салықтық түсімдерді арттыру көзделуде, – деді Ғ.Сыздықбеков. Шымкент қаласының әкімі шағын және орта бизнестің өркендеуіне ерекше ден қойылып келе жатқанын, бүгінде кәсіпкерлерге бағытталған әртүрлі қолдау шаралары бар екенін айтты. Биыл кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында 20 млрд теңге бөлініп, есепті кезеңде 16 млрд теңгеге 3 351 жобаға қолдау көрсетіліпті. Осындай ауқымды жұмыстың нәтижесінде соңғы 5 жылда белсенді жұмыс істейтін кәсіпкерлер 2 есе көбейіп, 131 мыңнан асқан. Ал, өңірлік ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 50 пайызға жеткен.

Источник: ​ГУ "Аппарат акима города Шымкент"

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
5 мая 2024