Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

«Мұндай адамдар ертең тайқып шығады»: Әнші Меруерт Түсіпбаева экс-министрдің әрекетіне шүйлікті

newtimes.kz

«Мұндай адамдар ертең тайқып шығады»: Әнші Меруерт Түсіпбаева экс-министрдің әрекетіне шүйлікті

Қазақ эстрадасының жұлдызы, әнші Меруерт Түсіпбаева экс-министрдің Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені туралы хабарламаға пікір білдірді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Фото: instagram.com/aitymБұл туралы өнер иесі өзінің Instagram парақшасына жариялады. ҚР еңбек сіңірген қайраткері бұған дейін де қоғамдағы келеңсіз оқиғаларда үнсіз қалмаған.«Соңғы кезде қазақтың еркексымақтары қазақтың әйелдерін ұрып-соғып, зорлап, өлтіру фактілерін көбейтіп жатыр. Одан кейін қоғам біздің қыздарды басқа ұлтқа шықтың деп даттайды. Масқара, сонда маңайындағылар араша түспей, қарап тұрған ба?! Неткен жауыздық?! Араша түсетін бір адам болмаған ба?! Байғұс әйелдің жаны шыққанша ұрып-соғу – айуандық. Марқұмның аяғы ауыр болған деген де мәлімет бар. Зорлыққа жол жоқ», — дейді ол.Сонымен қатар фотосының бетін не үшін жапқанын да түсіндірді. «Беттерін неге жаптым?! Мұндай адамдар ертең тайқып шығады.«Маған өзі атылды, мен тек өзімді қорғадым, жай итеріп қалып едім, шалқасынан түсті, өліп қалды» десе, таңғалмаймын. Сот өтіп, кінәлі деп танылғанға дейін ешкімнің бетін көрсетуге құқығымыз жоқ. Өйткені оның нақты кінәлі екенін сот жүйесі ғана анықтай алады. Қатаң заң қажет!» — деді әнші.Оқырмандары әншінің кімді тұспалдап отырғанын білсе де, бетін көрсетпеуіне байланысты екі жақ пікір жазды.Бірі: «Бұл әрекетін «сақтықта қорлық жоққа» баласа, екінші тарап «бүкіл БАҚ жазып жатыр, кімді жасырғаныңызды білеміз», — деді.Еске салайық, бұған дейін экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Меруерт Түсіпбаева (@meruert_tusupbaeva)
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
6 мая 2024