Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

«Кіріп шықсам ба деген екі-үш адамым бар»: Әнші Бүркіт түрмеде отырған Қайрат Боранбаевпен қарым-қатынасы туралы айтты

newtimes.kz

«Кіріп шықсам ба деген екі-үш адамым бар»: Әнші Бүркіт түрмеде отырған Қайрат Боранбаевпен қарым-қатынасы туралы айтты

Бүркіт лақап атымен танымал әнші Айбек Жансейтов «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында танымал бизнесмен Қайрат Боранбаевпен қарым-қатынасы туралы айтты. Әнші жақын арада тар қапаста отырған өзге де бірнеше адамға азық-түлік апарып, кіріп шығуды жоспарлағанын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Фото коллаж Stan.kzӘнші қазір түрмеде отырған Қайрат Боранбаевқа кіріп шығуды ойлап жүргенін алға тартты.«Мен ол кісімен қатты араласпасам да баратын ойым бар. Ондай нәрсе ұмытылмайтын дүние екен. Кезінде көрші жігіт Жаңаөзендегі жағдайға байланысты 8 жылға сотталып кетті. 4 жыл отырып кейіннен шықты. Сол кезде мен көршім болған соң азық-түліктерін алып, бір рет барған едім. Бүркіт келді деп бәрі шулады. Ол да қатты қуанды. Содан бері әлі күнге дейін сол оқиғаны мені көрген сайын айтып алғысын білдіреді. Тіпті барлығына айтып жүреді екен. Демек бұл ешқашан ұмытылмайтын жақсылық», – деді Бүркіт.Өнер иесі сонымен қатар тағы бірнеше адамға кіруді жоспарлағанын жасырмады.«Негізі кіріп шықсам ба деген екі-үш адамым бар. Біріншісі Қайрат Боранбаев, екіншісі Мейірхан деген актер жігіт. Тағы бір жолдас жігіт бар. Оны ешкім танымайды», – деп қосты әнші.Әнші осы тұста дәрежелі адамдарға ешқашан жағымпазданып, бірдеңе сұрамағанын, олардың алдында шет елге шығып өнер көрсетпегенін тілге тиек етті.«Мен үшін үлкен дәрежедегі адамдар олар менің әкем мен екі ағам. Бірінші құдай одан кейінгі осы әкем мен екі ағам. Басқа дәрежелі адам деген мен үшін жоқ», – деп қорытты ол.
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
6 мая 2024