Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

«Түсімде аян берген»: Көзі мүлде көрмейтін әнші дерті туралы айтып берді

newtimes.kz

«Түсімде аян берген»: Көзі мүлде көрмейтін әнші дерті туралы айтып берді

Өмірге келгеннен бастап көру қабілеті төмен Рысханым Дәрістің әншілік қабілетін жақсы дамыған. Талантты қыз бұл қиындыққа мойымай, бүгінде вокалдық өнер бойынша жоғары оқу орнында білім алып жатыр. Болашақ әншінің арманы, отбасы, жеке өмірі туралы Massaget.kz тілшісі сұхбаттасты.«Анамдай болып кетті»Рысханым Дәріс 1-топқа жатады, көзі мүлде көрмейді. Бірақ 7 жасынан бері ән айтады.«Ақтөбе облысы Байғанин ауданында дүниеге келдім. 2008 жылы Атырауға көшіп кеттік. Кейін Орал қаласындағы көру қабілеті бұзылған арнаулы мектеп-интернатында 12 жыл білім алып, 2021 жылы бітіріп шықтым. Бітіріп шыққан соң Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне вокалдық өнер мамандығына оқуға түстім. Бірақ биыл Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы М.Өтемісұлы атындағы университетке ауысып кеттім. Сол жақта білім алып жатырмын. Қазіргі таңда 3-курста оқимын», — деді талантты әнші.Талантты қызды өнерге мектептегі ұстазы Райхан баулыған.«Жалпы бала кезімнен концерт, байқаулардың біразына қатысып келемін. Бас жүлде, бірінші орынды бермей жүрмін. Мені өнер әлеміне баулыған мектептегі ұстазым - Райхан Искакова. Әлі күнге дейін араласып тұрамын. Ол кісіні анамдай көремін, тіпті одан да жақын боп кетті деп айтар едім. Негізі өнерде әнші көп қой. Соның ішінде Наркенже апай мен Димаш Құдайбергеновтің өнеріне тәнтімін. Ерекше дауыс иелері деп айтар едім», — деді ол.«Өз күшіммен жеткім келеді» Рысханым бұл дерті үшін өмірге өкпесі жоқ екенін айтты.«Көзімдегі дерт дүниеге келгеннен бастап бар. Бірақ дертімен ешқандай өкінішім жоқ. 3 жасымда ота жасатуға барғанда «бұл қызда ешқандай үміт жоқ» дегенді естідім. Сондықтан да, Алланың берген сынағы деп қабылдаймын. Жалпы көзімдегі көру қабілетінің нашарлығы оқуда қиындық тудырмайды. Құлағым естиді, дауысым бар, басқа дене мүшем сау. Барлығына қабілетім жетіп тұр», — деді Рысханым.Оның айтуынша, көзін емдету үшін қаражат жинауға ықылас танытатындар көп.«Әлеуметтік желілерде немесе кездескен адамдардың көпшілігі «көзіңді емдетейік, ақша жинайық» деп жиі айтады. Шыны керек, оған қарсымын. Себебі, халықты үміттендіріп, алдағым келмейді. Оның үстіне барлық нәрсеге өз күшіммен жеткім келеді. Дәл қазір көзімді емдетуге құлшынысым жоқ», — деді Рысханым.«Баспана жағынан қиындық бар»Рысханымның есімі түсінде аян беріліп қойылған.«Есімімнің нақты қандай мағына беретінін білмеймін. Бірақ Кенен атама аян беріп, «жақында Рүстембектің қызы немесе баласы болады, Рысханым немесе Арыстанбек деп қоясың» деп айтқан екен. Сөйтіп, Рысханым атандым», — деді ол.Қазіргі таңда анасының басқа отбасы бар, ал әкесінің қайда екенін білмейді.«Екі ағайындымыз. Менен кейін Арайлым деген сіңлім бар. Қазір тұрмыста. Әкемнің қайда екенін білмеймін, жоғалып кетті деп естідім. Оны 16 жыл болды көрмегенмін. Ал анамның бөлек отбасы бар. Жалпы пәтер жалдап тұрамын. Баспана жағынан қиындық бар екені рас. Оқуды бітірген соң нақты бір жоспарым жоқ. Өнер жолын дамытқым келеді», — деді ол. @riskhanum_daris_singer #дуэт с @Diana Ismail #тикток ♬ оригинальный звук - Diana Ismail @riskhanum_daris_singer ♬ оригинальный звук - Рысханым Дарис
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
7 мая 2024