Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Баян Мақсатқызы КешYou тобы арқылы бір жылда қанша табыс тапқанын айтты

newtimes.kz

Баян Мақсатқызы КешYou тобы арқылы бір жылда қанша табыс тапқанын айтты

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы КешYou тобы арқылы жылына қанша табыс табатынын айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Фото: instagram/bayanmaxatkyzyБұл туралы Баян Мақсатқызы Forbes басылымына берген сұхбатында айтты.«Қазір тек КешYou тобымен жұмыс істеп жатырмын. Яғни әртістермен жұмыс істеуден кішкене шаршадым. Оның үстіне маған онша қызық та емес. Олар өнер көрсетіп, тапқан табысының белгілі бір пайызын алып отырады. Қыздардың пәтері, жеке көлігі бар. КешYou - менің өмірімнің бір бөлігі, олармен қоштаса алмаймын.Бір кездері КешYou - менің негізгі кәсібім болған. Көп ақша таптым. Жылына 1,5 млн доллар табыс тапқан кездеріміз болды», - дейді Баян Мақсатқызы.Айта кетейік, КешYOU - қазақстандық әнші қыздардан құрылған музыкалық топ. 2004 жылы Алуа Қонарованың продюсерлігі кезінде топтың атауы SAF болып құрылды. 2006 жылдың 10 сәуір күні белгілі продюсер, тележүргізуші, актриса, әнші Баян Мақсатқызы трионы өзінің қол астына алып, топ атауын КешYOU деп өзгертті. КешYOU тобы продюсер Баян Мақсатқызының ең табысты жобаларының бірі. Топтың музыкалық продюсері Мухитденова Бағым Мақсатқызы.Уақыт өте келе топтың құрамы, стилі өзгерді. 2016 жылы 24 мамыр топтың 10 жылдығына арналған мерейтойлық концерт Алматы қаласындағы Республика сарайында өтті. 2019 жылы КешYOU тобының 13 жылдық мерекесіне арналған бейнебаян шықты. 2021 жылы Qazaq TV арнасында КешYOU тобының 15 жылдығына арналған мерекелік концерті көрсетілді. Топтың мерейтолық іс-шараларына экс-солистер қатысып отырады.Қазір топ құрамында 2019 жылдан бастап Ләззат Сұлтанова, Балауса Ерғалина, Наргиз Алтайбай ән айтады. Бұл топ тарихындағы «ең ұзақ жұмыс жасаған құрам» болып есептелінеді.

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
2 мая 2024