Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

«Әнші емеспін»: Сақал қойған Рүстем Жүгінісов басқа жолды таңдады

newtimes.kz

«Әнші емеспін»: Сақал қойған Рүстем Жүгінісов басқа жолды таңдады

Әнші Рүстем Жүгінісов оқырмандарын қызықтырған сұраққа жауап берді. Ол қазір әнші емес екенін айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Рүстем Жүгінісов Instagram-да інісі «Мирас Жүгінісовпен фит жазу ойыңызда бар ма» деген сұраққа жауап берген. Жүгінісовтің айтуынша, оған мұндай сұрақ қойылмағалы біраз болған.«Күлейін бе, жылайын ба? Мұндай сұрақтар қоймағалы біраз болған еді, негізі. Сіздер білесіздер ме, мен ән айтпай, әнді тастағаныма екі жыл болғанын. Мына түріммен қалай мен Мираспен фит жазамын»,- дейді Жүгінісов сақалын ұстап.Ол басқа жолды таңдағанын айтады.«Болды мен басқа жолды таңдадым. Мен әнші емеспін қазір, сондықтан да біліп жүріңіздер Мираспен фит жазбайтынымды», - дейді Жүгінісов.Видеоға пікір қалдырған Желі қолданушылары оны танымай қалғанын айтқан.«Танымай қалдым», «Әнге қарсысыз ба қазір?», «Рүстем сіз керемет әншісіз», - дейді қолданушылар.Әншінің әлеуметтік желідегі парақшасынан дін жолына бет бұрғанын байқауға болады.

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
7 мая 2024