Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

«Шай беретін келін болмай тұр»: Заңғар Нұртастың әкесі оған қайта отбасын құруға кеңес берді

newtimes.kz

«Шай беретін келін болмай тұр»: Заңғар Нұртастың әкесі оған қайта отбасын құруға кеңес берді

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков Instagram желісінде кенже ұлы Заңғармен түскен видеосын жариялады. Жуырда ғана ажырасқан Заңғарға әкесі үйге келін әкелуге кеңес берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.Скриншот Instagram / aidarbekov_nurtasӘлеуметтік желіде жарияланған видеода әке мен бала Шымкенттегі Заңғардың пәтерінде дастархан басында отырғанын көруге болады. Әкесі оған бәрі ұнайтынын, тек ұлының отбасы болғанын қалайтынын айтты.«Бәрі жақсы, шай беретін келін болмай тұр. Балам келінді көрсете ме деп келдім. Келін болса көріп, үй-жай бар екен, менікі сол ғой, басқа проблема жоқ. Келін болса мына қасықтарға ие болады», – деді Нұртас Айдарбеков.Айдарбековтердің видеосын көрген желі қолданушылары Заңғарға тезірек келін әкелуге кеңес берді.«Заңғар бақытты болсын», «Келінін тезірек үйге әкелсін, той көрейік», «Бәріміз бала-шағаның шаңырақ көтергенін қалаймыз, ал біз тезірек немере көргіміз келеді», «Заңғардың жақсы жар табатынына сенімдімін», — деді желі қолданушылары.Айта кетейік, Заңғар Нұртас жары Жібекпен ажырасып кеткенін осыдан бірнеше ай бұрын мәлім етті. Олар 2022 жылдың наурызында шаңырақ көтерген болатын.

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
4 мая 2024

Другие новости

Больше новостей