Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Меруерт Түсіпбаева халықтан жиіркенетін әншілерді сынап тастады

newtimes.kz

Меруерт Түсіпбаева халықтан жиіркенетін әншілерді сынап тастады

Танымал әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева әртістерді қызмет көрсету саласының адамдары деп санайды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.Фото: instagram.com/meruert_tusupbaeva«Бұрын әртістерді, Бибігүл Төлегенова сияқты жұлдыздарды, адамдар тек сахнадан, теледидардан көретін. Қазір жағдай басқа. Әртістердің бәрі тойға шығып кетті. Бүгінде оларды жақыннан көру қалыпты жағдай.Мен тойда ән айтып тұрғанымда талай рет, әсіресе, мас адамдар қысып, жабысып, сүйеді. Баяғыдан солай. Одан трагедия жасамаймын. Әртістер – қызмет көрсету саласының адамдары.Әр саланың, әр мамандықтың өз қиындығы бар. Бізді көк жәшіктен көрген соң кейбір тыңдарман бізді ерекше адам деп есептейді ғой. Тойда көңіл тасып, жүз грамм ішіп алып, тіпті ішпесе де, «тірі» әртісті көрген соң қайтсін енді...» — деп жазды әнші.Өнер иесінің бұл ойы көптің көңілінен шықты. Желі қолданушылары Меруерт Түсіпбаеваны қос қолдап қолдады.«Дұрыс қарапайымдықты ұмытпау керек соңдай кезде»;«Бетінең сүйсе жаман ойлары жоқ. Жақын келіп, жақсы көріп сыйлайтынын білдіргені деп түсіну керек»;«Дұрыс, оған көнбесең тойға шықпай-ақ қой»;«Ақшаларын төлегеннен кейін бәріне шыдау керек»;«Тыржимай, кеудеден итермей шыдайсыңдар, әртіс қауымы»; «Қазіргі әншілер той-томалақта жүреді, қызық емес», — деп жарыса жазды желідегілер.Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Меруерт Түсіпбаева (@meruert_tusupbaeva)
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
7 мая 2024