Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Колледж студенттері SMS арқылы әскерге бару мерзімін кейінге жылжыта алады

ratel.kz

Колледж студенттері SMS арқылы әскерге бару мерзімін кейінге жылжыта алады

Колледж студенттері SMS-хабарлама арқылы әскери борышын өтеу мерзімін кейінге жылжыта алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. "Оқу-ағарту министрлігі мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау нәтижесінде 2023 жылдың наурыз айынан бастап колледж студенттеріне проактивті форматта SMS жолданады", - деп жазды Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті. "Күндізгі оқу нысанындағы колледж студенттеріне әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру оқу аяқталғанға дейін беріледі. Ол Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық жалпы білім беру деректер базасынан расталады және соның негізінде SMS арқылы кейінге қалдыру немесе әскерден босату рұқсаты беріледі", – дейді мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры Азат Тиштыбаев. Бүгінгі таңда Қазақстан колледждерінде әскерге шақыру жасындағы 118 мыңға жуық студент білім алады. Фото: grozny.tv.
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
4 мая 2024

Другие новости

Больше новостей