Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Бата беріп, «I love you» деген Сәкен Майғазиевтің анасына жұрт риза болды

newtimes.kz

Бата беріп, «I love you» деген Сәкен Майғазиевтің анасына жұрт риза болды

Әнші Сәкен Майғазиевтің анасы «МузАрт» тобының мүшелері мен өзге де өнерлі жігіттерге бата берді. Сөз соңында ақ жаулықты ана ұлына ағылшын тілінде «I love you» деп айтады, деп хабарлайды Экспресс К.Фото: instagram.com / saken_maigaziyevБұл сәттің видеосын әнші Instagram-дағы парақшасына жариялады. Бейнежазбадан дастархан басында отырған өнер иелерін көруге болады.Олар Сәкен Майғазиевтің анасымен ұялы телефон арқылы сөйлеседі. Байланыс құрылғысы дауыс күшейткіш режиміне қосылған.Әншінің анасы өнер жұлдыздарына аналық ақ батасын беріп, сөз арасында ұлына жақсы көретінін айтады.Оны естіген дастархан басындағы адамдар әбден күледі.«Бетіңізден сүйдім. Жігіттердің бәрі сәлем айтып жатыр. Екі концерттен соң шай ішіп отырмыз. Тағы бір кешіміз бар», — дейді Сәкен Майғазиев.«Шай ішіп, шалқып жүргендерің ақ апамның арқасы ғой. Аман болыңдар, апама Алла күш-қуат берсін»;«Анаңыз жүз жасасын»;«Сіздің анаңызды біз де «I love you»»;«Естіп, бір күліп алдым»;«Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды»;«Аман жүрсін, Алла ұзақ ғұмыр берсін»;«Позитивті, заманауи анаңыз жүз жасасын»;«Анаң өте дана кісі, қарттарымыз аман болсын»;«Ананы құрметтеуді сізден үйрену керек», — деп жазды желі қолданушылары.Айта кетейік, видео Өскемен қаласында өткен концерттер арасындағы үзілісте түсірілген.Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
1 мая 2024