Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені бойынша

gurk.kz

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені бойынша

Батыс Қазақстан облысында полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы, ҰҚК департаментінің Терроризмге қарсы орталық бөлімі білім басқармасы басшылығымен бірлесіп, террористік тұрғыдан осал объектілерге жататын Бәйтерек, Сырым және Қаратөбе аудандарында орналасқан мектептердің өкілдерімен қызметтік кездесу өткізді.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Террористік тұрғыдан осал объектілерді, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігін және білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Терроризм актісі қаупі төнген кезде ТТО объектілерінің лауазымды адамдарының, басшылардың, персоналдың, оқушылардың және тұрғындардың іс-әрекеті бойынша» нұсқаулықтар жете түсіндіріліп, бейнероликтер көрсетілді.

Сондай-ақ, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабардың таралуына жол бергені үшін ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгені туралы жеткізілді.

Материал Батыс Қазақстан облысы бойынша

ҰҚК департаментінің ақпараты негізінде дайындалды

___________________________________________________________

Источник: Антитеррористический центр Республики Казахстан

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
18 мая 2024