Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Елордада қыздар арасында ат спортынан ашық біріншілік өтеді

optimism.kz

Елордада қыздар арасында ат спортынан ашық біріншілік өтеді

Фото: Акимат Астаны

Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласында ат спортынан қыздар арасында ашық біріншілік өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген бұрымдылар 8 наурыз күні «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінде кіл мықтыларды анықтайды.

Олар сайыстың 6 бағдары бойынша сынға түседі.

• № 1 маршрут «Ашық класс санаты» • № 2 маршрут «Жастар санаты»• № 3 маршрут «Әуесқойлар санаты»• № 4 маршрут «4 жасар жас жылқылар санаты» • № 5 маршрут «5 жасар жас жылқылар санаты»• № 6 маршрут «6 жасар жас жылқылар санаты» Жарыстың жалпы жүлде қоры – 6 млн теңге.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының ұйымдастыруымен өтеді.

Жарыс сағат 10:00-де «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінде басталады. Мекенжайы: Қарқаралы тас жолы, 1. Мұнда қала маңындағы елдімекендерге қатынайтын №303, 309, 320, 323 қоғамдық көліктері барады.

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
7 мая 2024