Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Экс-министр Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

exclusive.kz

Экс-министр Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына сілтеме жасап.

– Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М. Бекетаевқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 21 наурызға дейін ұзартуға рұқсат берді, – деп жазылған елордалық соттың хабарламасында.

Айта кетейік, соңғы рет Бекетаевтың бұлтартпау шарасы қаңтар айының соңында ұзартылды.

Марат Бекетаевқа қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізіп жатыр. Марат Бекетаев қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша күдікке іліккен.

Фото: ашық дереккөз

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
2 мая 2024