Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Астанада ерекше білім беруді қажет ететін балаларға мемлекеттік қызмет көрсету аясы кеңейеді

optimism.kz

Астанада ерекше білім беруді қажет ететін балаларға мемлекеттік қызмет көрсету аясы кеңейеді

Фото: Акимат Астаны

Астанада ерекше білім беруді қажет ететін мектеп жасына дейінгі балаларға мемлекеттік қызмет көрсету аясы кеңейеді. Бұл туралы Елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев мәлім етті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Ведомство басшысының айтуынша, өткен жылы 4 балабақшада (№54, №60, №66, №95) эмоциялық-еркi жағынан және мінез-құлқында (аутизм) бұзылыстары бар балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды.

«2024 жылы 4 балабақшада (№ 35,63,86,98) және 4 шағын орталықта (№8, №11, №30,№76) инклюзияны қолдау кабинеттерін ашу жоспарланып отыр.

Алғаш рет, биыл 1 қаңтардан бастап ата-аналарға қолайлы болу мақсатында, елордадағы 8 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру кабинеттеріне жазылу birge.astana.kz. сайтында онлайн жүзеге асырылып жатыр», – деді Қасымхан Сенғазыев.

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
4 мая 2024