Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Түркістан облысында білім бөлімінің бухгалтері өз-өзіне қол жұмсады

exclusive.kz

Түркістан облысында білім бөлімінің бухгалтері өз-өзіне қол жұмсады

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөлімінің бухгалтері Экономикалық тергеу департаментінің тексерулерінен кейін өзіне қол салды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Otyrar-ға сілтеме жасап. Ақпарат облыстық полиция департаментінде расталды. Оқиға 2024 жылдың 25 қаңтарында болған. – 25.01.2024 жылы Мақтаарал ауданының полиция бөлімі Қазақстан Республикасы ҚК 105-бабы 1-бөлігі бойынша «суицидке жеткізу» бойынша қылмыстық істі тіркеді және сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп хабарлады полиция. Айта кетейік, өткен жылдың басынан бері Түркістан облысының білім басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тексеру жұмыстары жүргізілуде. Экономикалық тергеу департаменті Мақтаарал ауданының білім бөлімінің бухгалтерлеріне қарсы бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Нақты сомалар әлі айтылған жоқ. Фото: ашық дереккөз
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
20 мая 2024