Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Қазақстан мен Ресей қатынасына тың серпін беру: Тоқаев Башқұртстан басшысын қабылдады

exclusive.kz

Қазақстан мен Ресей қатынасына тың серпін беру: Тоқаев Башқұртстан басшысын қабылдады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировты қабылдады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты қатынастарға тың серпін беру тұрғысынан алғанда бүгінгі сапарыңыздың мәні зор. Біз индустрия, агроөнеркәсіп кешені және гуманитарлық салалардағы байланыстарымызды әртараптандыру үшін барынша күш саламыз, – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев бірқатар келісімнің, соның ішінде үкіметтер деңгейінде қол қойылған Ынтымақтастықтың 2023-2024 жылдарға арналған жол картасының табысты жүзеге асырылып жатқанына назар аударды. Сондай-ақ еліміздің өңірлері мен Башқұртстан арасындағы тауар айналымының қарқынын оң бағалады. Былтырғы 11 айдың қорытындысы бойынша сауда-саттық деңгейінің көрсеткіші 350 миллион доллардан асты.

Өз кезегінде Радий Хабиров қазақ жерінде қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

– Башқұртстан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты дамытуға ерекше мән беретініңізді білеміз. Менімен бірге үлкен делегация келді. 2-3 жылдың ішінде біз тауар айналымы мен өнеркәсіп кооперациясының көлемін айтарлықтай ұлғайттық. Бүгін «Қазақстан – Башқұртстан» форумын аштық. Біз үшін Қазақстан – ең басты серіктес. Біз мұнда өзімізді еркін сезінеміз, – деді Радий Хабиров.

Фото: aqorda

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
4 мая 2024