Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Самат Әбішке қатысты іс сотқа жіберілді

exclusive.kz

Самат Әбішке қатысты іс сотқа жіберілді

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке қатысты іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

ҚР Бас прокуратурасы мәліметі бойынша, қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталған.

– Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі С.Әбішке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтағанын хабарлаймын. ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа жолданды, – делінген Ризабек Ожаровтың Kazinform агенттігіне берген ресми жауабында.

Айта кетейік, Самат Әбіш – Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары әрі экс-президенттің немере інісі.

Фото: ашық дереккөз

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
3 мая 2024