Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Министрлер кабинеті Тоқаевтың қатысуымен өтетін кеңейтілген отырысқа дайындалып жатыр

exclusive.kz

Министрлер кабинеті Тоқаевтың қатысуымен өтетін кеңейтілген отырысқа дайындалып жатыр

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен кеңес өтіп, 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және Үкіметтің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарлары бойынша Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін кеңейтілген отырысқа дайындық мәселелері қаралды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

– Мемлекет басшысының Жолдауларында және сайлауалды бағдарламасында белгіленген реформаларды жалғастыру аясында экономиканы одан әрі өсіруді қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік, денсаулық сақтау, білім беру және туризм салаларындағы міндеттер мен жобаларды іске асыру, сондай-ақ азаматтарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік қолдауды нығайту мәселелері қаралды, – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ кеңесте инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ инфляцияны одан әрі төмендету жөніндегі шаралар талқыланды.

Фото: Ukimet

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
4 мая 2024