Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Жапониядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 48 адамға жетті

exclusive.kz

Жапониядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 48 адамға жетті

Жапонияның батыс жағалауындағы Ното түбегіндегі бірқатар ірі жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны көбейіп жатыр. Қазіргі ақпарат бойынша жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 48 адамға жетті. Көз жұмған азматтардың бәрі зілзаланың эпицентрі болған Исикавада, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

1 қаңтарда Исикава префектурасында 7,6 баллдық жер сілкінісі болды. Елдің премьер-министрі Фумио Кисида хабарлағандай, батыс жағалау аймағы апаттан зардап шеккен.

Құтқарушылар зардап шеккендерді үйінділерден шығаруға тырысып жатыр. Премьер-министрдің айтуынша, құтқару жұмыстары қиындаған. Себебі апат салдарынан зардап шеккен аудандарға баратын жолдар бүлінген.

Метеорологтар дүйсенбі күні таңертең Жапонияда 155 жер сілкінісі болғанын айтты. Жер сілкінісі апта бойы жалғасады деп күтілуде.

Фото: Рен тв

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
2 мая 2024

Другие новости

Больше новостей