Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Степногорск қаласында жылу беру қалпына келтірілді

exclusive.kz

Степногорск қаласында жылу беру қалпына келтірілді

Степногорск қаласында жылу беру қалпына келтірілді. Бұл туралы қала әкімі Алпысбай Қайыржанов мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

– Жылу беру қалпына келтірілді. Болашақта мұндай жағдай болмайды деп үміттенейік. Бізде транзиттік құбырлар бар, оларды өзгерту керек. Бұл шамамен 19 км, жобалау-сметалық құжаттаманы аяқтаймыз. Кейін іске асыруға жолданады, – деді Қайыржанов.

Еске салайық, 8 желтоқсан күні Ақмола облысының Степногорск қаласында жылу трассасында апатты жағдай орын алды. Нәтижесінде бірнеше көпқабатты үйлерге жылу беру тоқтатылды. Облыс басшысы болса апат жақын арада жойылатынын айтқан еді.

Фото: Степногорск әкімдігінің баспасөз қызметі

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
4 мая 2024