Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Кенесары ханның Құран кітабы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне табысталды

exclusive.kz

Кенесары ханның Құран кітабы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне табысталды

Кенесары ханның Құран кітабы Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қойылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Кенесары ханның Құран кітабын Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне тапсыруды міндеттеген еді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

– Әрине бұл өте үлкен құнды дүние. Кезінде ұлт азаттығы үшін күрескен Кенесары хан бабамыз Аллаға сенген, мұсылман болғаны, құран оқығандығын осы тарихи сәт бізге көрсетіп отыр. Бұл да біздің Қасым-Жомарт Кемелұлының біздің құнды мұраларымыздың елге келуіне жасаған орасан зор еңбегі. Алдағы уақытта да біздің елден шыққан құнды дүниелеріміз көп. Солардың барлығының елге оралуын Алла нәсіп етсін, деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай Қажы.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды сирек кездесетін жәдігерді Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне әкелу үлкен мәртебе және мақтаныш екенін атап өтті. Сондай-ақ осындай қасиетті кітапты елге қайтаруға өз үлестерін қосқан азаматтарға алғыс білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін жәдігер Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында сақталған.

Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
3 мая 2024