Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Әнші Kalifarniya АҚШ-та концерттер береді

optimism.kz

Әнші Kalifarniya АҚШ-та концерттер береді

Танымал қазақстандық әнші Kalifarniya «KALI-ZONE» концерттік турын ұсынады, оның аясында Чикаго, Майами және Нью-Йорк қалаларына барады. Бұл туралы БҰҰ мен ҚР Сыртықы істер Министірлігінің өкілдері өздерінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында хабарлады .«Құрметті достар! 15 қазанда Нью-Йоркке танымал қазақстандық әнші Kalifarniya келетінін хабарлауға қуаныштымыз. Әртістің концерті Нью-Йорктегі 44 E 32nd көшесінде, the Cutting Room сахнасында сағат 20.00-де өтеді», — делінген хабарламада.Отандық музыкант 17 қазанда Чикагода, Stereo Nightclub түнгі клубында өнер көрсетеді.АҚШ – тағы осы турдың ұйымдастырушылары – «ATB Promotions» компаниясынан Талғат Әбдірахманов пен «Key Entertainment» отандық музыкалық компаниясынан Азамат Ерғалиевтің айтуынша, «Kali-ZONE «концерттік туры — бұл көрермендерді өзінің бірегей музыкалық тәжірибесін бірге сезінуге шақыратын Kalifarniya-ның Шабыт әлеміне музыкалық саяхаты. Kalifarniya әр тыңдарманды музыка эстетикасына батыра отырып, дыбыс пен эмоция біртұтас болатын атмосфера сыйлайды. Бұл саяхаттың ең басы: оның АҚША-қа алғашқы KALI [zone] концерттік туры»

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
6 мая 2024