Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Белгілі дінтанушы Арман Қуанышбаев ғұламалар кеңесіне мүше болды

exclusive.kz

Белгілі дінтанушы Арман Қуанышбаев ғұламалар кеңесіне мүше болды

12 қазан күні елордада өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің XXХІХ мәжілісінде белгілі дін қызметкері Арман Қуанышбаевтың кандидатурасы бірауыздан қабылданды. Бұл туралы ҚМДБ-ның ресми өкілі Ағабек Қоңырбайұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ғұламалар кеңесіне жаңадан қабылданған Кентау қаласындағы «Балаби қари» қарилар дайындау орталығының директоры және РАНТ мүшесі Арман Баймұханұлының қызметіне сәттілік тіледі.

– Арман Қуанышбаевтың Ғұламалар кеңесіне мүшелікке қабылдануы кеңес жұмысына жаңаша серпін береді деген сенімдемін. Дін қызметіндегі біліміңіз бен тәжірибеңіз қоғам сұранысына сай пәтуаларды қабылдауда септігін тигізетіні сөзсіз, – деді Бас мүфти.

Фото: ummet.kz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
4 мая 2024