Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

«Бірлік» жастар лагерінің жиыны - Жетісуда

gurk.kz

«Бірлік» жастар лагерінің жиыны - Жетісуда

«Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Бірлік» лагері өз жұмысының алғашқы күнін экологиялық акциямен бастады. Жастар ұйымының 40-қа жуық мүшесі Текелі қаласының маңында тазалық шарасын жүргізді, -

11-13 қыркүйек аралығында Жетісу өңірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» халықаралық жастар лагерінің басқосу жиыны өткен болатын. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және Ассамблеяның жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаевтың айтуынша «Бірлік» жастар лагерінің жиынына биыл Текелі қаласы таңдалып алынған. Қоршаған ортаға қамқорлық жасау - Республикалық жастар ұйымының негізгі бағытының бірі. Сондықтан да олар лагерь жұмысының бірінші күнін осы тақырыпқа арнаған.

Экологиялық шараға қатысушылардың барлығына қолғап, қоқыс жинайтын қаптар таратылды. Жастар акция барысында Қора өзенінің жанындағы шатқалдың кіреберісінде орналасқан Будда тасының маңайын қоқыстан тазартты.

«Акцияда жұртшылықтың, әсіресе, жастардың назарын демалыс орындарын ластау проблемасына аударуды мақсат еттік. Екінші жағынан облыстағы экологиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдессек, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттап, қоғамның табиғатпен үйлесімде өмір сүру мәдениетін қалыптастыруға үлес қоссақ дейміз», - дейді бірлестік төрағасы.

Жалпы жиын Ассамблеяның «Қазақтану» жобасы аясында қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрі мектебі бойынша шеберлік сыныбы, жастармен пікір алмасу тренингтері түрінде жалғасын тапты. Осы күні ер балаларға арналып ежелгі баспана - киіз үйдің негізгі бөліктері мен құрылу жолдары туралы шеберлік сыныбы өткізілсе, жас бойжеткендер ұлттық тағамдар дайындаудың қыр-сырымен танысып, ас дайындады.

«Бірлік» лагерінің 2-ші күні арнайы шақырылған спикерлер волонтер болу, блогерліктің қыр-сыры, жастардың қоғамдық дипломатиясы сияқты бірқатар өзекті тақырыптарда жастармен ой бөлісіп, қызықты тренингтер өткізді. Сол сияқты қоғамдық қызметке тарту және волонтердік жөнінде мотивациялық әңгімелер жастар ұйымы мүшелері қатысқан Текелі қаласының №4 орта мектебінде өткен «AlmaFest» фестивалінде де жалғасты.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Источник: Акимат области Жетісу

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
2 мая 2024

Другие новости

Больше новостей