Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

ТЖМ бөлімшелерінің әрбір екінші басшысы жемқорлық жасайды – Антикор

exclusive.kz

ТЖМ бөлімшелерінің әрбір екінші басшысы жемқорлық жасайды – Антикор

Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің әрбір екінші басшысы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасайды.

Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығымен өткен кеңес барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Төрағасы Асхат Жұмағали мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

Соңғы 5 жылда азаматтық қорғау органдарында 150-ге жуық сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелген. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары еліміздің барлық өңірінде орын алған.

Төтенше жағдайлар министрі жоғарыда аталған фактілерді мойындап, ведомство сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту үшін түбегейлі қадамдар жасайтынын мәлімдеді.

– Бұл біздің қызметкерлер үшін жаға ұстатарлық жағдай. Аталған адамдар белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген үздік қызметкерлердің қатарынан болатын. Дегенмен осы жағдайда олардың біз білмеген теріс қасиеті – екіжүзділігі әшкереленді. Айтылып өткен деректерге қатаң сынмен қараймыз. Бұдан біз тиісті сабақ аламыз, қарапайым өрт сөндірушілер бізге сеніммен қарауы керек, – деді С. Шәріпханов.

Фото: tengrinews.kz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
7 мая 2024