Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ ЕНГІЗІЛЕДІ

gurk.kz

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ ЕНГІЗІЛЕДІ

Елордада Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті Ы.Алтынсарин акдемиясымен бірлесіп «Біртұтас білім беру бағдарламасы: құндылықтар және оларды қалыптастыру жоспары» атты республикалық семинар өткізді. Оған республика педагогтері мен мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлер, білім басқармаларының өкілдері қатысты.Семинарда ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жаңа оқу жылында оқу-тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті. Министр балалардың бойына ұлттық құндылықтарды, отансүйгіштікті, еңбекқорлықты, жауапкершілікті сіңіру қажеттілігін атап айтты. «Бала тәрбиесі – бүкіл қоғамның міндеті. Өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөліп, оларды игі істерге бағыттауымыз керек. Барлық оқу орындарында оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру, балалардың бойына адами құндылықтарды сіңіру, мектеп пен отбасының өзара байланысын нығайту маңызды. Мектептердегі біртұтас тәрбие бағдарламасы осы мақсаттарға жетудің тиімді құралдарының біріне айналады», - деді Ғани Бейсембаев.Айта кету керек, республикалық семинардың 60 қатысушысы өз өңірлерінде тәрбие жұмысының тәлімгерлері болады. Сондай-ақ, екі күнге созылған шара аясында қатысушылар мектептегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда әлеуметтік тәжірибені қолдану мәселелері бойынша пікір алмасып, жан-жақты үйлесімді дамыған және әлеуметтік тұрғыдан жауапты тұлға қалыптастыру үшін оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыру жолдарын талқылады.

Источник: Министерство образования и науки Республики Казахстан

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
3 мая 2024