Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Есімов әкім болған уақытта заңсыз берілген жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

exclusive.kz

Есімов әкім болған уақытта заңсыз берілген жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

Ахметжан Есімов Алматы әкімі болған кезеңде заңсыз берілген, құны 7 млрд теңгені құрайтын жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

– Алматы қаласының прокуратурасы зерделеу барысында заңсыз алынған жер учаскесі анықтады. 2014 жылы Алматы шекарасын кеңейту нәтижесінде Алматы облысының жер учаскелерінің бір бөлігі қала құрамына енді. Мысалы, Алматы облысы Қарасай ауданындағы 30,9 га жер учаскесі «Халықаралық клубтар қауымдастығы» ЖШС қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алған. Алайда ЖШС жер учаскесінің кадастрлық құнын төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамады. Прокуратураның талап-арызы бойынша Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер учаскесі мемлекетке қайтарылды, – деп хабарлады Алматы қаласының прокуратурасы.

Айта кетейік, бұл уақытта Алматы әкімі Ахметжан Есімов болды. Ол экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі. Сот шешімі күшіне енбеді.

Фото: sputnik

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
4 мая 2024