Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Қаратал ауданына жарық берілді, Абай ауылының электр желісі жөнделуде

gurk.kz

Қаратал ауданына жарық берілді, Абай ауылының электр желісі жөнделуде

Жетісу облысы Қаратал ауданында нөсер жауын мен қатты желдің салдарынан зақымданған электр желісі қалпына келтіріліп, ауданға электр жарығы берілді. Ал Елтай ауылдық округіне қарасты Абай ауылының үзілген электр желісін апаттық бригада жөндеу жүргізуде. Мамандар Абай ауылына жарық ертең, яғни 13 тамыз күнгі сағат 13.00-ге дейін берілетінін айтады, - деп хабарлайды Жетісу облысының әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Әсет Қанағатовтың сөзіне сүйенсек, Талдықорған – Үштөбе 110 КВ жоғары вольтты желісінің бойындағы апаттық орынды кезекші бригада сағат 15.05-те анықтап, қалына келтіру жұмыстарын атқарғаннан кейін сағат 19.05-те Қаратал ауданына тұтастай электр жарығы берілген. «Оған дейін біз Қаратал ауданының өмірлік маңызы бар нысандарын Көксу ауданының желісі арқылы электрмен уақытша қамтыдық. Қазір ауданға электр жарығы толық үзіліссіз берілді», - деді Ә. Қанағатов. Сонымен қатар «Талдықорған - Үштөбе» автожолының 35-ші шақырымында болған электр желілерінің үзілуі мен бағаналардың зақымдануы салдарынан жол аралығындағы Абай ауылының да жарығы сөнген болатын. Бұл жерде 7 бағана зақымданып, 13 аралық үзілген. Осыған байланысты қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Энергетика және ТҮКШ басқармасы Абай ауылына 13 тамызда сағат 13.00-ге дейін жарық берілетінін айтты. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Источник: Акимат области Жетісу Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
3 мая 2024