Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

«Қаңтарда» оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің ісі сотқа жіберілді

exclusive.kz

«Қаңтарда» оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің ісі сотқа жіберілді

Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан 4 жасар Айкөркем Мелдеханның өлімі туралы іс сотқа жіберілді. Ақпаратты бүлдіршіннің әкесі Айдос Мелдехан растады, деп хабарлайды Exclusive.kz Азаттыққа сілтеме жасап. «Адвокат қазір істі сотқа жіберу туралы хабарлама алды. Сот шілде айында басталуы мүмкін. Іс бойынша ештеңе өзгерген жоқ. Жұман есімді күдікті бар. Қалғандары куәгер ретінде қатысады» деді Айдос Мелдехан Азаттық тілшісіне. Бұған дейін Бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев бұл іс бойынша оқ атуға бұйрық берген батальон командиріне айып тағылғанын айтты. Жәбірленуші тараптың адвокатының айтуынша, тергеу органдары Айкөркемнің өліміне жауапты адамдарды жазадан алып тастағысы келеді. Ал балалар отырған көлікті атқан адамдар іс бойынша куәгер ретінде өтіп жатыр. Фото: ашық дереккөз
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
3 мая 2024