Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Ердоған және Кылычдароғлу: Түркияда президент сайлауының екінші туры басталды

exclusive.kz

Ердоған және Кылычдароғлу: Түркияда президент сайлауының екінші туры басталды

Түркияда жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де президент сайлауының екінші туры басталды. Режеп Тайып Ердоған мен оппозиция жетекшісі Кемал Кылычдароғлу президенттіке үміткер, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Area araştırma орталығының сауалнамасына сәйкес, Түркия президенті Ердоған мен оның қарсыласы Кылычдароғлудың сайлаудың екінші турында жеңіске жету мүмкіндігі бірдей.

Орталықтың мәліметінше, сайлаушылардың 44,7 пайызы Кылычдароғлуға, 43,7 пайызы Ердоғанға дауыс беруге дайын. Ал 11,6 пайызы таңдау туралы шешім қабылдамаған.

Түркияда 14 мамыр күні президент сайлауы өтті. Сайлау қорытындысы бойынша үміткерлер бірінші турда жеңіске жету үшін қажетті дауыс санын жинай алмады. Түркияның қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған 49,52 пайыз дауыс жинаса, оның қарсыласы Кемал Кылычдароғлу 44,88 пайыз дауыс жинады.

Фото: bbc

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
6 мая 2024