Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Электр самокат иелеріне жүргізуші куәлігі арқылы жүру міндеттеледі

exclusive.kz

Электр самокат иелеріне жүргізуші куәлігі арқылы жүру міндеттеледі

Бүгін Мәжілісте электр самокаттарға қатысты бірнеше ереже бекітілді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Жаңа ережеге сәйкес, электрсамокаттар велосипед жолдары мен жол жиектерінде шектеусіз жүре алады. Ал жаяу жүргіншілер жолында тек 6 км/сағ-тан аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі.

Электр самокаттың жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде автобус жолағымен бір қатарда жүруіне жол беріледі. Алайда бұл үшін жүргізуші 18 жасқа толуы және шлем киюі керек. Сондай-ақ үстінде жарық шағылыстыратын киім мен кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы қажет.

Сондай-ақ электр самокатта жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады. Электр самокат жүргізушілер жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен жаяу өтуі керек.

Фото: ашық дереккөз

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
6 мая 2024