Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Астанада саябақтар мен қоғамдық кеңістіктерге ревизия жүргізіледі

gurk.kz

Астанада саябақтар мен қоғамдық кеңістіктерге ревизия жүргізіледі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қаланың бірқатар саябағында қандай шаруалар жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қаланың саябақтары мен қоғамдық кеңістіктеріне ревизия жүргіземіз. Сынған орындар, қураған ағаштар бар, сол сияқты суару жүйесі барлық жерде дұрыс жұмыс істемейді және т.б.Әріптестеріммен бірге бірқатар саябақтар мен қоғамдық кеңістіктерді, оның ішінде Көктал елді мекеніндегі саябақты, орталық саябақты, уанышбаев атындағы музыкалық-драма театрының іргелес аумағын аралап шықтық. Сондай-ақ, Ақбұлақ өзенін тазарту бойынша жұмыс жоспары талқыланды.Қаланы көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатырмыз, мәселен көрікті орындар мен мәдени нысандарға іргелес аумақтарды да көгалдандырамыз. Алайда мердігерлердің бәрі бірдей жауапкершілігін сезіне бермейді. Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрының жанында қоғамдық кеңістік салып жатырмыз. Қазір ағаш отырғызу жұмысында кемшіліктер бар. Бұл проблеманы жақын арада ретке келтіруді тапсырдым.Қолданыста бар саябақтар мен қоғамдық кеңістіктердің жай-күйіне көңіл бөліп қана қоймай, жаңа аулалар мен қоғамдық кеңістіктер (гүлзарлар, желекжолдар) саламыз. Себебі елорда тұрғындары мен қонақтары үшін бос уақытын ашық аспан астында пайдалы өткізе алатын орындар ашу маңызды», – деп жазды елорда әкімі.

Источник: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
4 мая 2024