Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Қазақстанның үшінші президенті кім болмақ?

exclusive.kz

Қазақстанның үшінші президенті кім болмақ?

Үшінші президент кім болады? деген сұрақ гипотезадан тым алшақ емес – келесі сайлауға дейін янышты алты жыл қалды. Саясатта бұл болмашы, шамалы мерзім саналады. Ал, отыз жыл ішінде президент екі рет қана ауысқан елде – мұндай мәселе жазмыш, тағдырға мойын ұсынушылық саналады. Мұны қазір талқылауымыз керек. Оның үстіне, Тоқаев бұдан былай өз кандидатурасын ұсынуға ниеті жоқ екенін баса айтқан-ды.

Тарихи тұрғыдан алғанда, біз президенттік орталықты қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Qalam қоры жүргізген соңғы сауалнамаға сәйкес, сауалнамаға қатысқандардың 56%-ы болашаққа деген үміттерін президентпен байланыстырып отыр. 30 жыл бойы өмір сүрген саяси жүйе салдарының инерциясы, міне осындай. Алайда, Назарбаев биліктен кеткеннен кейін президент лауазымын десакрализациялау басталғанын түсіну аса маңызды. Егер қоғам Назарбаевты КСРО-ның «мұрагері», ал Тоқаевты «мұрагердің» қолшоқпары ретінде қабылдаса, онда үшінші президентте заңды әрекеттердің мұндай түрі болмайтыны анық. Президенттікке деген монополия жойылды, ендігі жерде президенттік-парламенттік басқару моделіне көшудің мейлінше қиындық келтірмейтін, яғни ауыртпалықсыз процесін қамтамасыз ету үшін президенттік институтты қалай реформалау керек және биліктің осы екі тармағының функцияларын қалайша бөлу керек деген сұрақтың туындайтыны белгілі. Ал, мұндай процестің қазірдің өзінде басталғанын Конституцияға енгізілген соңғы өзгерістер де, қоғамда орын алып жатқан сыртқы және ішкі өзгерістердің барлық логикасы да растап отыр.

Соңғы 30 жылдың ішінде қолданыстағы заңнама биліктің негізгі үлесін президенттің қолына шоғырландырып тынды. Өткен жылғы республикалық референдумда ішінара алынып тасталған бірлі-жарым шектеулер мәселені түбегейлі шешкен жоқ. Егер басқа да шарттарды (мемлекеттік тілді білу, соттылығының болмауы және т.б.) біртіндеп түсінуге болатын болса, мемлекеттік қызметтегі белгілі бір еңбек өтілінің ескі, көне талаптары түсінуге тіпті келмейді, олар конституцияға қайшы көрінеді. Мұндай талаптар жеткізушісі алдын ала анықталып, белгіленіп қойған тендерлердің техникалық сипаттамаларын еске түсіретіні анық.

Жүйелі оппозиция ғана емес, сондай-ақ пісіп жетілген саясаткерлердің пайда болуының нақты алғышарттары жоқ елде, объективті себептерге байланысты қазіргі президентке тең келетін үміткерлердің шыға қоймайтыны айдан анық. Алайда, олардың пайда болу уақыты шегрен былғарысы сияқты азайып, қысқарып бара жатқаны да анық. Бір қызығы, немесе, керісінше, логикалық тұғыдан алғанда қисынды көрінетін тұсы – мұндай үлкен саясаткерлер Назарбаев тұсында да аман қалғаны белгілі, бірақ бүгінде олар Тоқаевтың айналасында мүлдем көрінбейді. Кейбірі әлі өсіп жетілмеген, ал өзгелері қандайда бір бір иллюзияларды бойларына сіңіру жолында құрбан болып кете барған сыңайлы.

Тоқаевтың қателігі саналмаса да, оның төңірегіндегілердің басты қателігі экономикалық реформаларды мемлекеттік басқарудың НАҚТЫ жүйесіне әсер етпей-ақ жүргізуге болатынына сенімді түрде қарауында жатыр. Экономикалық және саяси реформаларды қандай дәйектілікпен, бірізділікпен жүргізу керектігі туралы дау-дамайлар әлі басылған жоқ. Кейбір елдерде оқымысты автократ жүргізген саяси реформалар басқарудың демократиялық формаларына әкеліп соқтырды, сөйтіп жаңа көшбасшылар экономикалық реформаларға назар аудара бастады.

Ал, өзгелері экономикалық және саяси реформаларды бір уақытта қатар жүзеге асырудан жаман дүние жоқ екеніне сенімді. Бұл, әсіресе, авторитарлық басқару жүйесі табысқа әкеліп соқтырған, ал саяси жүйені демократияландыру экономиканың дамуын тежеген кедей елдерге тән құбылыс.

Алайда, өмір сүру деңгейінің қарқынды өсуіне әкелген жылдам әрі бір мезгілде жүргізілген реформалар, өмір сүру деңгейінің қарқынды да екпінді өсуіне әкеліп соқтырған мысалдар да жетіп жығылады. Біздің жағдайда мұндай уақиға реформалардың қалайда болмай қоймайтындығымен күрделене түсуде және олар өздігінен бола ма, әлде бақылаулы түрде бола ма деген сұрақтың туындайтыны белгілі.

Әлі күнге шейін президент билік тармақтары арасындағы теке-тірестер кезінде төрешінің функцияларын атқарып қана қоймайды, сондай-ақ халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының символы және кепілі болып табылады. Демек, қоғам да өзгерістердің жоғарыдан төменге қарай жүруі керек екеніне сенімді, яғни алдағы президент сайлауы кезінде адам билікке тек заңды ғана емес, әділ сайлау ережелері мен рәсімдері арқылы келуі керек деген сөз.

Ең нашар сценарийді көзге елестетіп көрейікші және моральдық принциптері төмен адам президент болды делік. Қазіргі жағдай мынадай, дағдарыс туындаған жағдайда президентті мерзімінен бұрын қызметінен босату, мәселен, сайлаушылардың сенімін жоғалтуға байланысты іс жүзінде жүзеге мүмкін емес. Құқыққа қайшы, заңсыз әрекеттер жасаған жағдайда президентке заң шығарушылар шығаратын импичменттің де процедурасы күрделі және мұндай рәсім кейде президентке тәуелді немесе онымен байланысты лауазымды тұлғаларға (сенатқа) байланысты болады. Оның үстіне заң шығарушы органның президент пен үкіметтің даулы бастамаларына тосқауыл қоюға мүмкіндігі жоқ. Сот билігі үнемі реформаланып жатса да, оның жақын арада тәуелсіз әрі мінсіз болуы екіталай.

Ал Президенттің, бұрынғыша судьяларды, Конституциялық соттың төрт мүшесін, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерін, Сенаттың он депутатын тағайындайтыны, бас қолбасшы болып табылатыны, Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығын, Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер министрлерін, облыс прокурорларын, Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы мен екі мүшесін қызметке және т.б. тағайындайтыны белгілі (Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы).

Бірақ ең бастысы, биліктің бір арнаға шоғырлануы кез келген адамды өз ортасының кепіліне айналдырып тынады. Бұл билікті асыра пайдалану немесе сыбайлас жемқорлыққа деген қызығушылық қана емес, сондай-ақ оппозициямен немесе оның болуы мүмкін нәрсемен ынтымақтастық жасасуға деген нөлдік мотивация да болып табылады. Сондықтан мұндай тақырыпты талқылау тек күпірлік қана емес, сонымен қатар қажетті әрі прагматикалық құбылыс саналады. Оның үстіне мұндай әрекеттер қазіргі президенттің де мүдделеріне, яғни елімізді кімге қалдырады? деген мұрат, мақсаттарына жауап беретіні сөзсіз.

Нұрсұлтан Назарбаевқа тарих өз бағасын бере жатар, бірақ бүгінгі күні оның билік еткен кезеңі жағымды бағалаудан гөрі жағымсыз бағаларға ие, мұндай құбылыстардың барлығы оның бұрын-соңды болмаған шексіз өкілеттіктерінің салдары болса керек. Дау тудырмайтын бір ғана нәрсе – біз авторитарлық елде өмір сүрдік және әлі де сол заңдармен өмір сүріп жатырмыз.

Өзге сценарийді көзге елестетіп көрсек – президенттік сайлауға өте лайықты адам қатысады, алайда ол денсаулығына байланысты немесе басқа да себептермен жарыстан шығып қалады. Біздің дәстүрімізде бір мықты үміткер және бірнеше өте әлсіз үміткер бар болатын болса, түсінбеушілік салдарынан елді әлдекім басқаратын болады. Айтпақшы, қолданыстағы заңнама мұндай жағдайдан шығу туралы сұраққа жауап бере алмайды, ал қосалқы орындық өте қысқа және тұрақсыз.

Бір кездері Парламенттің жоқтығынан ол бірнеше айдың ішінде барлық заңдар пакетін қабылдады. Қорытындылай келе, өткен жылғы конституциялық реформа барысында Конституция үкіметке заң күші бар нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құқығын бергенін атап өткен жөн. Айтпақшы, бұл да Назарбаевтың жаңашылдығы. Бір кездері парламенттің жоқтығынан ол бірер айдың ішінде тұтас заңдар пакетін қабылдағаны белгілі. Осылайша, үкімет арқылы Парламентті айналып өтіп, оған даулы немесе пайдалы заңдар жасауға болатын механизмдер қайта құрылды.

Айтпақшы, өткен парламенттік сайлауға халықтың бұрын-соңды болмаған, өте төмен деңгейде қатысуының да өте қарапайым түсіндірмесі бар. Саяси науқанның қыр-сырынан тәжірибесі жоқ электорат мәжіліске кімнің сайланатыны маңызды емес екенін жіті түсінеді. Оның нақты өкілеттіктері де, оларды иеленуге деген ниеті де жоқ.

Тағы бір жаңашылдық түрі де бізге түсініксіз көрінеді. 2022 жылғы конституциялық реформалар барысында Қазақстан Республикасының Президенті өзі тағайындайтын кезектен тыс президенттік сайлау өткізу құқығын сақтап қалды. Алайда, ол бір ғана 7 жылдық мерзімге сайланатын болса және бір адам бірнеше рет президент болып сайлана алмаса, қандай кезектен тыс президенттік сайлау туралы айтуға болады?

Бізді тағы бір «мұрагер» операциясының күтіп тұрғаны анық? Алайда, оның әдептілік дәрежесіне тәуелді болуы – үлкен тәуекел болып саналмасына кім кепіл бола алады?

Біз тәуекелшілердің рөлін өз мойнымызға алғандықтан, тағы бір сұрақтың туындайтыны белгілі. 2022 жылы жүргізілген конституциялық реформа қазіргі басқару формасын аралас басқару формасына – президенттік-парламенттік формаға жақындата түсті. Бірақ ең шынайы сценарий – күшті президент және бұрынғыша әлсіз парламент. Бұл дегеніңіз – тәуекелдер сақталып қана қоймайды, сонымен қатар өседі деген сөз.

Кез келген шексіз билік ерте ме, кеш пе авторитаризмге әкеліп соқтырады. Бұл қалыптасқан аксиома. Осы жылдар бойы біз тежемелік және тепе-теңдік жүйесін құру қажеттігі туралы айтып келдік, оның ең қолайлы үлгісі парламентті нығайту болуы әбден мүмкін. Депутаттық корпустың санын 350-400 депутатқа дейін ұлғайту арқылы бір палаталы парламент идеясы әзірленетін конституциялық реформа жүргізу туралы бірнеше рет дауыс берілді. Рас, мұндай шара ондағы түрлі әлеуметтік топтардың өкілдігін кеңейту және атқарушы биліктің заң қабылдау кезінде депутаттарға ықпал ету мүмкіндігін жою мәселесін шеше ме, жоқ па?, ол жағы белгісіз.

Парламенттің басты проблемасы тек өкілеттіктің жеткіліксіздігінде ғана емес, сондай-ақ өзіндік зияткерлік ресурстарында да жатқаны айдан анық. Министрліктер заңдарды өздері жазады, ал парламент тіпті олардың кәсіби сараптамасын да жасай алмайды, сөйтіп қабағын түйіп қана отырумен шектеледі, басқа амалдары жоқ. Парламенттің штаты депутаттардан басқа, негізінен олардың қолшатырларын ұстаушылардан тұрады. Өздеріңіз білетіндей, оларға заң жобаларын жазуға бос уақыттары жоқтың қасы.

Президент пен оның аппараты жаңа Конституцияның қажеттілігі туралы әңгіме

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
6 мая 2024