Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Петропавлда сепаратизмді насихаттаған халық кеңесінің үш мүшесі қамалды

exclusive.kz

Петропавлда сепаратизмді насихаттаған халық кеңесінің үш мүшесі қамалды

Солтүстік Қазақстан облысында сепаратизмге қатысты іс бойынша үш адам қамауға алынды, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Қылмыстық істің жиналған материалдары негізінде «Халықтық кеңестің» үш мүшесінің әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 180-бабы 2-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілеріне шақырумен материалдарды тарату және Қылмыстық кодекстің 179-бабы бойынша мемлекеттің қауіпсіздігін ыдыратуды үгіттеу бойынша сарапталған. Аталған тұлғалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік Кодексінің 128-бабы бойынша ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған баптың санкциясымен он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыру түрінде баламасыз жазалау қарастырылған, – деп хабарлады СҚО прокуратурасы.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында іс бойынша маңызы бар көптеген жедел-іздестіру шаралары, оның ішінде түрлі сараптамалық зерттеулер жүргізілгені айтылды.

– Бәріңізге белгілі болғандай ағымдағы жылғы наурыз айында «Халық Кеңесі» тобына қатысушылардың жиналысы туралы интернет желілердегі хабар бойынша 2023 жылғы 30 наурызда Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы Ұлттық қауіпсіздік Комитеті Департаменті сепаратизм фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеу барысында Петропавл қаласында 2023 жылғы 19 наурызда Солтүстік Қазақстан университетінің колледж ғимаратында «Халық Кеңесі» тобына қатысушылар облыс орталығының 20 азаматынан тұратын топтың жиналысы өткендігі, олар өздерін Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ізбасарлары деп көзқарастарын білдіргендіктері белгілі болды.

Жиналыс барысында олар Қазақстан Республикасынан тәуелсіз Петропавл қаласының Халық Кеңесін құру туралы тілектерін білдірген және «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Халық Кеңесі Декларациясын» қабылдаған, онда олар Қазақстанның мемлекет құру заңдылығын және легитивтігін мойындамаған, оның Конституциялық құрылысын бұзуға қол сұғып, оның тәуелсіздігін, жерінің тұтастығын жоққа шығарып отыр. Саясаттанушы мен басқа да мамандардың қатысуымен комиссиялық сот психологиялық-филологиялық сараптаманың қорытындыларына сәйкес сепаратизм белгілері анықталған, – деп жазылған хабарламада.

Фото: ашық дереккөз

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
4 мая 2024