Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Тоқаев ұлттық қауіпсіздікке байланысты кеңес өткізді

exclusive.kz

Тоқаев ұлттық қауіпсіздікке байланысты кеңес өткізді

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиында 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру аясында қабылданған Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу жөніндегі іс-қимыл жоспарының орындалу мәселелері қарастырылды. – Отырыс барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр баяндама жасады, сондай-ақ бірқатар мүдделі мемлекеттік орган басшылары мәлімет берді. Мемлекет басшысы қазіргі жағдайда сын-қатерлер мен ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіпке объективті баға беріп, тиісті шараларды әзірлеу қажет екенін атап өтті, – деп жазылған хабарламада. Тоқаев жиын соңында ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу және ұлттық мүддені қорғау жүйелерінің тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданды. Фото: Ақорда
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
4 мая 2024