Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Тоқаев үшінші рет Қытай төрағасы болып сайланған Си Цзиньпинге жеделхат жолдады

exclusive.kz

Тоқаев үшінші рет Қытай төрағасы болып сайланған Си Цзиньпинге жеделхат жолдады

Си Цзиньпин үшінші рет ҚХР Төрағасы болып сайланды. Депутаттар Си Цзиньпинді үшінші рет бес жылдық мерзімге ҚХР басшысы етіп сайлауға дауыс берді. Осылайша Си Цзиньпин ел тарихындағы үшінші рет қатарынан төрағалық қызметке сайланған алғашқы басшы болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Қытай Халық Республикасының Төрағасы лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады. – Өткен «екі сессия» қорытындысы бойынша қабылданған маңызды шешімдер мен Сіздің парасатты саясатыңыз халқыңызды биік құндылықтарға жетелеп, Қытайдың болашағын жарқын, ал дамуын баянды етуде мызғымас негіз болатынына нық сенімдімін. Қазақстан мен Қытай арасындағы тығыз байланыстардың ауқымы жылдан жылға кеңейіп келе жатқанын аса ризашылықпен атап өтемін. Осы жетістіктеріміз Сіздің қосып отырған сүбелі үлесіңіз бен жеке қолдауыңыздың нәтижесі деп білемін. Былтыр қыркүйекте Қазақстанға жасаған нәтижелі сапарыңыз ықпалдастығымыздың келесі «30 жылдық алтын дәуіріне» жол ашқаны ерекше қуантады, – деп жазылған жеделхатта. Фото: Ақорда
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
6 мая 2024