Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Назарбаевтың кеңсесін қаржыландыру тоқтаған жоқ – Қаржы министрі

exclusive.kz

Назарбаевтың кеңсесін қаржыландыру тоқтаған жоқ – Қаржы министрі

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесін қаржыландыру тоқтатылмағанын айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz. Министрдің сөзіне сәйкес, бюджетті нақтылау кезінде кеңсе жұмысына қаражат қысқарған. Қазір заңға тәуелді актілер қабылданады. Еске салайық, ақпан айының ортасында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы заң күшін жойды. Кейін Назарбаевтың ресми сайты домендік атауын өзгертті: elbasy.kz – nazarbayev.kz. Айта кетейік, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы атағын ресми түрде жоғалтқаннан кейін оның кеңсесін қаржыландыру айтарлықтай қысқаратыны туралы айтылған. Назарбаев кеңсесіне үш жыл бойы демеушілік жасау үшін республикалық бюджеттен бес миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Фото:Fakt.kg
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
4 мая 2024