Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

«AMANAT» партиясының үгіт насихат тобы Ақмола вагон жөндеу зауытының ұжымымен кездесті.

exclusive.kz

«AMANAT» партиясының үгіт насихат тобы Ақмола вагон жөндеу зауытының ұжымымен кездесті.

Бүгін 21 ақпанда «AMANAT» партиясының үгіт насихат тобы Астанадағы Ақмола вагон жөндеу зауытының ұжымымен кездесті. Аманаттықтар ірі бизнес нысандарын қолдауға қатысты жайттарды талқылады. Ақмола вагон жөндеу зауыты – еліміздегі машина құрылысы саласындағы бірден-бір мамандандырылған кәсіпорын. 1941-жылы шеберхана болып ашылып, кейіннен вагон жөндеу зауытына айналған. Депутаттыққа үміткер Дәулет Тұрлыханов зауыт жұмысшыларымен кездесіп, бизнеске қолайлы орта қалыптастыру тақырыбында әңгіме өрбітті. «Отандық өндіріс негізінде мықты экономика құрамыз. Әрбіріміз экономика патриоты және өнеркәсіп прагматигі болуымыз керек. Қазақстан жерінде өндірілетін шикізат Қазақстан жерінде өңделуі, қазақстандық тауар өндірісінде пайдаланылуы тиіс. Бұған біздің азаматтарымыз үшін жоғары жалақы төленетін жүздеген мың жұмыс орындарын құратын мыңдаған мықты, бәсекеге қабілетті қазақстандық кәсіпорындар қатысады. Біз жеке бастама мен нарықтық экономиканың күшіне нық сенеміз. Ортақ күш-жігерімізбен Қазақстанды шын мәнінде құрушы, өндіруші экономикаға айналдырамыз. Отандастарымыз «Қазақстанда жасалған» таңбасы бар тауарлардың жоғары сапасы мен халықаралық деңгейде танымалдығы үшін мақтанатын болады» -деді Мәжіліс депутаттағына үміткер Дәулет Тұрлыханов. Зауытта 400-ге жуық жұмысшы еңбек етеді. Олар жылына 3 мыңға тарта вагонды жөндеуден өткізеді. Сондай-ақ, мұнда оған қажетті бөлшектер де жасалады. Алдағы уақытта инновациялық технологияны қолдана отырып сапалы қызмет көрсету жоспарда бар. «AMANAT» партиясы – еліміздің түкпір-түкпірінде жүйелі жұмыс істейтін жалғыз партия. Партия бөлімшесі мен қоғамдық қабылдау бөлмесі әр аудан мен қалада бар. Біз әрбір азаматты тыңдауға, мәселесінің шешімін табуға және жан-жақты қолдауға дайынбыз. Біз – азамат мүддесінің сенімді қорғаушысымыз. Бізге әрбір адамның әл-ауқаты бірдей маңызды. Біз реформа бағытын жақтаушының бәрінің басын біріктіреміз. Өз бағдарламамызды іске асыру үшін барлық қажетті заңның қабылдануын қамтамасыз етеміз. Үкіметті қалыптастыруға белсенді қатысамыз және халық сұранысын орындауды ілгерілетеміз. Мықты мықтыны таңдайды. Сондықтан «AMANAT» партиясына дауыс беріңіздер!» — деді Мәжіліс депутаттығына үмі кандидат Павел Казанцев. Партиялықтар жалақыны өсіру, құқық қорғау саласына қатысты түзетулер егжей-тегжейлі талқылады. Тиісінше кәсіпорын ұжымы да ойларын ортаға салып, елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының түрлі мәселелері бойынша ұсыныс айтты. «ШОБ үшін бизнесті жүргізу бойынша қарапайым ережелерді қамтамасыз етеміз. 2027 жылға дейін кем дегенде 15 мың артық кедергіні жоямыз. Біз қажетті өндіріс факторларын қамтамасыз ету арқылы өндіруші бизнесті толығымен қолдаймыз. Ол үшін өндірістік және көлік инфрақұрылымына, энергиямен, газбен және сумен жабдықтауға қол жеткізе алатынымызға кепілдік береміз» — деді кандидат П.Казанцев. Cонымен қатар штаб мүшелері «Saryarqa Hold» кәсіпорнына ат басын бұрып, жергілікті құрылыс компаниясының ұжымымен кездесті. Онда тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын дамыту және еңбек адамының мүддесін қорғау мәселелерді талқыланды. «Астанада қаншама құрылыс нысандары бар. Тұрғын үйлер салынып жатыр. Жылу мәселесі де оң шешімін тауып келеді. Емханалардың көбейетініне қуаныштымын. Балаларымыз өз елінде емін-еркін өмір сүріп, барлық жағдайы жасалған Астанада тұрса екен дейміз. Жұмысымыз жандана берсін. Біз «AMANAT» партиясын қолдаймыз!» — деді құрылысшы. «AMANAT» партиясының Республикалық штабмүшелері бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Астана қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
2 мая 2024

Другие новости

Больше новостей