Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Тоқаев жиі дауға қалатын SCAT әуе компаниясының президентімен кездесті

exclusive.kz

Тоқаев жиі дауға қалатын SCAT әуе компаниясының президентімен кездесті

Мемлекет басшысы SCAT әуе компаниясының президенті Владимир Денисовті қабылдады, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Президентке әуе компаниясының былтыр атқарған жұмыстарының негізгі нәтижелері, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған даму жоспары туралы баяндалды. – Мемлекет басшысына 2030 жылға дейін компанияның әуе кемелері паркі мен бағыт желілерін кеңейту жөнінде мәлімет берілді. Президентке Шымкент әуежайындағы аэровокзал кешені құрылысының барысы және авиациялық хабты дамыту шаралары туралы баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев SCAT әуе компаниясының қызметіне оң баға беріп, оның даму стратегиясын қолдады, – деп жазылған хабарламада. Мемлекет басшысы Шымкенттегі авиациялық хабтың құрылысын аяқтаудың, авиациялық тасымалдау саласының өңірдегі бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың маңыздылығына назар аударды. Фото: ашық дереккөз
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
25 мая 2024