Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Президент мәжіліс пен мәслихатты тарату бойынша кеңес өткізді

exclusive.kz

Президент мәжіліс пен мәслихатты тарату бойынша кеңес өткізді

Мемлекет басшысы Парламент палаталарының төрағаларымен және Премьер-Министрмен Парламент Мәжілісін тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тоқаев Қазақстан халқы референдумда саяси өзгерістерге, соның ішінде Парламентті және мәслихаттарды жасақтау тәртібін жаңартуға қолдау білдіргенін айтты. – Мен қыркүйектегі Жолдауымда алда тұрған сайлау науқандары туралы айттым. Соған сәйкес өткен жылдың қараша айында кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Жуырда Сенат депутаттарының бір бөлігі сайланды. Енді Мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізуіміз керек, – деді Тоқаев. Кеңес барысында Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов және Премьер-Министр Әлихан Смайылов сөз сөйледі. Сондай-ақ кездесу соңында Тоқаев барлық айтылған ой-тұжырымдарды ескеріп, нақты шешім қабылдайтынын мәлімдеді. Фото: Ақорда
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
4 мая 2024