Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Президент Әуе қорғанысы күштерінде ауыс-түйіс жасады

exclusive.kz

Президент Әуе қорғанысы күштерінде ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы мен Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысын тағайындады. – Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды; Нұртас Дәулетұлы Қабақов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, – деп жазылған ресми хабарламада. Айта кетейік, Нұрлан Секенұлы Орманбетов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды. Қайрат Әнуарбекұлы Садықов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды. Фото: Қорғаныс министрлігі
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
25 мая 2024